Қызметкерлердің әдебі

«Сатбордың» барлық қызметкерлері сыйластық пен өзара түсіністік аясында жұмыс істеуге құқылы. Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі Компанияның ең маңызды құндылықтары болып табылады.

Олардың расалық немесе ұлттық тегіне, діни сеніміне, жынысына, жасына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлық қызметкерлерге жұмыста тең мүмкіндік жағдайын туғызу өте маңызды.

Компанияның осы саясаты қызметтің барлық түрлерін этикалық және моральдық ұстанымдар, белгіленген құқықтық стандарттарға сәйкес келтіреді:

компания қызметкерлері барлық іскер шараларда компанияның ең маңызды мүдделерін басшылыққа алуға тиіс;кез келген жеке пікірлер мен ШҚ «Сатбор» ЖШСің саясатымен келіспеушіліктер компания менеджментімен талқылану арқылы шектеледі;ШҚ «Сатбор» ЖШСне қатысты және компанияға зиян келтіре алатын кез-келген ақпарат ашылмауға тиіс;компанияның уәкілетті қызметкерлері қызметтер және өнімнің сапасы мен бағасын есепке ала отырып, жеткізушілерді таңдайды;

Компания қызметкерлеріне компанияның іскер серіктесі болып келетін жеткізуші-компаниядан тікелей немесе жанама түрде жеке пайдасын көруге тыйым салынады. Қызметкерлер бизнестегі серіктестерімен қарым-қатынаста компания мүддесіне сай әрекет ету тиіс. Сыйлықтар, мақтаулар, сувенирлер, жеке өтемақылар немесе ақшалай сыйақыларды қабылдау ШҚ «Сатбор» ЖШСің адал іскер келісім барысына, алушы мен арадағы қатынасқа теріс түсінік пен күмән туғызуға себеп болады.

Корпоративтік этиканы ұстану адал және сенімді серіктес, жағымды жұмыс беруші және әлеуметті жауапкершіл бизнес-қауымдастығының мүшесі ретіндегі беделді қолдауда және нығайтуда өте маңызды.