Кәсіби даму

Компания жетістігінің дамуы – қызметкерлердің кәсіби деңгейлерінің жоғарылығына байланысты екеніне біз сенімдіміз. Компанияның барлық бөлімше қызметкерлерінің кәсіби дамуын есепке ала отырып, оқытудың жылдық бағдарламасы құрылды. Мамандарды даярлауға және қайта даярлауға құрылған бағдарлама жетістікпен меңгерілуде: әр қызметкер еңбекті қорғау және қауіпсіздк техникасы бойынша даярлықтан өтеді; практикалық оқу мен нәтиже алудың тиімділігі компанияның бұрғылау қызметкерлерінің оқыту бағдарламасы болып табылады.

SHRAMM және BoartLongyear шетел компанияларының өкілдері Datamine Studio 3 және ArcGIS бағдарламаларына және Америка мен Канададағы өндірістегі қазіргі замандағы колонкалық бұрғылау қондырғыларында жұмыс дағдыларына компания мамандарын оқытып, даярлау үшін шақырылды.

 

1. Қазіргі кезеңде Datamine компьютерлік өнімдерінің бәрі тау-кен жұмыстарының жобалау мен кен орындарының үлгілеуінде әлемде ең құатты жұйе болып табылады. Бұл бағдарлама жер астындағы кеніштердегі тау өндірімінің жұйесін құру, қорды есептеу, блоктық үлгілерді бағалау, құру үшін барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. 

 

2. ArcGIS ауыстыру, басқару, талдау және географиялық мәліметтерді жариялауды қамтамасыз ететін өнім болып табылады. Бағдарламаның пайдалы қазбалар кен орындарының картасын, структуралық карталарды, карталардың зерттелгендігін, геологиялық мағынадағы түрлі масштабты карталар, сандық топографиялық карталарды құру және шығару бойынша әртүрлі картографиялық есептердің шешімдерімен қамтамасыз етеді,  кеңістік мәліметтермен жұмыс жасау үшін үлкен мүмкіндіктері бар.

Менеджменттің табысты жүргізілу үшін «Сатбор» басшылығы аса білікті менеджердің кәсіби дағдыларың дамытып, қалыптастыратын MBA бағдарламасы бойынша оқытылады. Қазірден бастап біз болашақтағы мамандар құрамы туралы ойлаймыз:

«Сатбор» компаниясы оқытуға, әрі қарай конкурстық іріктеуден өткен жергілікті жоғарғы оқу орындарының студенттерін жұмысқа орналастыруға келісім шартқа отырды.

Тау кен-байыту комбинатын іске қосқаннан кейін «Сатбор» да кен ісі, маркшейдер ісі, геодезия, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, технологиялық машиналар және жабдықтар, пайдалы қазбаларды байыту, автоматтандыру және басқару және т.б басым мамандықтары болып табылады.