Геологиялық сүйемелдеу

ШҚ «Сатбор» ЖШСнің геологиялық қызметі 2008 жылы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда оның құрамында гелогиялық барлау және жобаланып жатырған тау-кен өндірісін сүйемелдейтін геологиялық және топогеодезиялық жұмыстардың толық жиынтығын орындап жатырған 8 геолог-мамандар, топограф-маркшейдер және 4 сынама алушылар жұмыс істейді.

Біздің мамандар келесі топогеодезиялық жұмыстарды орындайды:

жобаланған ұңғымаларды, геологиялық телімнің нүктелерін қырдың бетіне топографиялық түрде шығару, жергілікті аналитикалық жүйенің реперлерін қалау;нақты бұрғыланған ұңғымалардың кері съемкасын жүргізу;нақты материалдың картасын құру және дала жұмыстарының нәтижелерін өңдеу;бұрғылау жұмыстары жүргізілетін телімдердің бетінің және тау-кен байытатын кешен нысандарының құрылысына жоспарланған  алаңшаға тригонометриялық нивелирлеу өткізу;кен орнының съемкасы.

Топогеодезиялық жұмыстардың барлық түрлеріне қазіргі замандағы құралдарын қолдана отырып орындалады: электрондық  тахеометр TPS400, нивелир NA-730 «Leicа» фирмасының,  GPS.

Келесі жұмыстардың түрлері геологиялық дала жұмыстарына жатады:

ұңғымалардың геологиялық құжаттамасы, сынамаларды іріктеу және сынамаларды дайындау барысын бақылау,сынамаларды өңдеу.

Дала геологтар бұрғылау процессін үнемі бақылап отырады, бұрғылау мұнарасында кернді жәшіктерге дұрыс салу және керннің шығу барысында жобалау кезіндегі мөлшерімен сәйкес келуін тексереді. Олар керннің бірінші сипаттамасын жасайды, жәшіктерді таңбалайды, кернді суретке түсіреді, каротаж диаграммасына сәйкес қиманың дұрыс байланысуын тексереді және кернді сынамаларға бөліктейді, сынамаларды физика-механикалық сынақтардан өту үшін іріктейді.

Сынамалардың өңделуін керн кескіш, ұнтақтағыш және уатқышты пайдалана отырып, жекеменшік сынамаларды өңдеу цехінде тәжірибелі қызметкерлер жүргізеді.

Барлық жұмыстар өңдеу цехінің геологының бақылауымен орындалады.

Керн мен сынамалардың дубликаттары жақсы жабдықталған  кернқоймасы және сынамақоймасында сақталады.

Өңдеу тобының геологтары дала геологиялық материалдар және химиялық анализдерден алынған нәтижелерінің түпкілікті өңдеуін орындайды. Химиялық анализдердің нәтижелерін, геофизикалық зерттеулердің және керннің дала сипаттауының барлық мәліметтерін зерттей отырып, геологтар қима, геологиялық карта және ұңғымалардың сипаттамасын жасайды.

Барлық алынған материалдар талданып, түпкілікті қорлардың есептемесіне жиынтықталады.

Геологтардың жұмысында жалпы жұрт қабылдаған WINDOWS: WORD, EXCEL бағдарламалары қолданылады, графикалық қосымшалардың ресімдеуінде  AUTOCAD бағдарламасы пайдаланылады. Каркас үлгісінің көлемді құрылымы, кентас денелерінің көлемін анықтау DATAMINE бағдарламасы арқылы орындалады.