Зертханалық анализдер

ШҚ «Сатбор» СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сай болу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредитивтеу жүйесінде тіркелді.

Талдамалы зертхана өз жұмысында зертхананың қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар,  талдамалы зертхана туралы ереже, ШҚ «Сатбор» ЖШСің өкімдер мен бұйрықтары, сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын басшылыққа алады.

Талдамалы зертхананың сапа саласындағы саясатының негізгі мақсаттары:

-  объективтілік және сенімділік кепілдігі;

- тапсырыс беруші мен мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандыру;

- менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту;

- оқыту, білім көтеру негізінде қызметкерлердің біліктілігін қолдау;

- қолданыстағы нормативтік, құқықтық құжаттама және менеджмент жүйесінің құжаттарын қолдану;

- сапа саласындағы саясатты және менеджмент жүйесінің құжаттарын түсіну және мінсіз орындау.

Зертхананың қызметі керн сынамалары, бұрғы ерітінді және басқа объектілердегі химиялық элементтердің мөлшерін талдау; зерттеу нәтижелерін бағалау; нормативтік құжаттар мен олардың нәтижелерінің объективтілігін және сенімділік талаптарының негізіндегі зерттеулердің өткізу дұрыстығы және толықтығын қамтамасыз ету; химия-аналитикалық сынақтардың сапа менеджмент жүйесінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; талдау объектілер және жаңа әдістерді игеру; қолданыстағы заңнама, зертхана туралы ереже және кепілдемелерге сәйкес дер кезінде аттестаттау, талап етілетін дәлдікпен өлшемдерді жасау мақсатында мамандардың біліктілігін көтеру; басқа ұқсас салалық құрылымдармен ғылыми-техникалық байланыстарды дамыту; қолданыстағы нұсқауларға сәйкес  қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы зертхананың барлық қызметкерлерінің қадағалануына бағытталған.

ШҚ «Сатбор» ЖШСің талдамалы зертханасы анықтау әдістемелерде көрсетілген дәлдікпен қажетті элементтерді табуды қамтамасыз ететін, Батыс Қазақстан Облысы аумағында аналогтары жоқ қазіргі замандағы аналитикалық жалынды фотометр Jenway PFP7, рентгендік спектрометр MiniPal 4 және үлгілерді дайындауға арналған құралдармен жабдықталған.

Зертхана өз жұмысында автоматтандырылған зерттеу әдістерінен басқа,  классикалық та (гравиметрлік, титрметрлік) сынақ әдістерін қолданады.

ШҚ «Сатбор» ЖШСің талдамалы зертханасы Қазақстан Республикасының техникалық жүйелеу саласындағы белгіленген талаптарға сәйкес мәлімделген аккредитивтеу саласында жүргізілетін сынақтардың дұрыстығы мен жоғары кәсіби дайындығын қамтамасыз етеді.

ШҚ «Сатбор» ЖШСің талдамалы зертханасының қызметтері:

№ KZ.И.09.1255 аккредитивтеу туралы куәлігі негізінде, зертхананың су мен қышқылда ерімейтін қалдық, бор, магний, алюминий, кремний, бром, күкірт, натрий, кальций, хлор, калийдің жаппай үлесін анықтау, топырақ пен грунт, кен, тау жыныстарының саралау қызметтерін көрсетуге мүмкіншілігі бар.