Бұрғылау жұмыстары

Геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын іске асыру үшін компания 2008 жылы LF-90; LF-230 бұрғылау станоктарын бұрғылау жабдықтарының жиынтығы және қажетті технологиялық көліктерімен бірге  «BOART LONGYEAR»  және SHRAMM T660WS фирмаларынан сатып алды.

Компания басшылығының алдында қысқа мерзімнің ішінде қызметкерлер құрамын таңдап алу, оларды қысқа мезгілдің ішінде оқыту,

1200 м тереңдігі бар тұздың қалыңдығында скважиналар бұрғылауын алдын ала қарастырған бұрғылау бағдарламасын табысты орындау үшін технологиялық регламенттерін жасап шығару мәселелері тұрды.  Қазақстанда бұрғылау станоктарды қолдану арқылы тұздарды бұрғылау тәжірибесі жоқ екенін есепке ала отырып, барлық осы мәселелер «Сатимола» кенорнының құрылымындағы геологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, калий тұздарды скважиналардан дүниежүзілік бұрғылау тәжірибесін зерттеуінің және жемісті пайдаға асырылған жекеменшік технологиялық шешімдерінің арқасында, соның ішінде бұрғылау ерітіндінің рецептурасын енгізу, оның дайындауы, дайындау кезіндегі сапаны бақылауы жетістікпен шешілді. Осының барлығы бұрғылау жылдамдығын 1000 м\айына дейін жеткізуге мүмкіндік берді, сонымен қатар тез ерігіш минералдар сильвинит, карналлит түрінде ұсынылған рудалы денелері бойынша тасбағандардың шығуы 90% құрады.

Ұңғымалау кезіндегі қиындықтардың алдын алу жөніндегі жекеменшік технологиялық зерттеулер мен бұрғылау процессін басқару, жұмыстарды ұйымдастырудың арқасында апаттылық ең аз мөлшерге жеткізілген.

Бұрғылау бағдарламасын орындауында осы тәсіл компанияға қысқа мерзімнің ішінде 2008-2010 жылдары "Сатимола" кенорнында 51362 п.м бұрғылап, қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда компания геологиялық барлау ұңғымаларды бұрғылау саласындағы Қазақстан нарығында бәсекелесуге қабілетті және құрамында білікті қызметкерлер, техникалық және технологиялық әлеуеті бар екеніне үлкен сеніммен айтуға болады.