Әлеуметтік жобалар

ШҚ «Сатбор» ЖШСі кен орны орналасқан Ақжайық ауданы аумағына, сондай-ақ тұтас Батыс Қазақстан Облысы бойынша әлеуметтік тұрғыда жүйелі де ауқымды көмек көрсетіп келеді.

Осылай, 2007 жылы Ақжайық кәсіптік-техникалық лицейінің есеп шотына 50 000 АҚШ доллары аударылды. Ауданның музыкалық мектебі де назардан тыс қалмады, жөндеу жұмыстарына жарты миллион теңге бөлінді, вахталық қалашығы маңына жақын орналасқан Базаршолан ауылын көріктендіруіне қаржы бөлінді.

Мерзімді түрде, атаулы күндерге немесе өтілетін шараларға байланысты берілетін әлеуметтік көмектен мектеп оқушылары да назардан тыс қалмайды. Бұл жаңа жылға байланысты сыйлықтар және Қазақстан Республикасының астанасына бару сапарына берілетін жай әлеуметтік көмек. Осылай, Ақжайық ауданының балалар шығармашылық орталығынан «Балауса» би тобы 2011 ж желтоқсан айында Астанада шығармашылық конкурстың жүлдегері атанып, өз жетістіктерін ақпарат және теледидар арқылы паш етті. Әсем бишілердің жеңіске жетудегі кішкене жетістіктеріне біздің де қосқан үлесіміздің бар екенін сезіну жағымды.

2011 жылы Батыс Қазақстан облысында орын алған сирек кездесетін су тасқынына байланысты төтенше жағдай ешкімді бейтарап қалдырмады. Су тасқынына байланысты зардап шеккендерге материалдық көмек көрсеткен мекемелер қатарында ШҚ «Сатбор» ЖШСі да су тасқынынан зардап шеккен «Ивушка» балалар емделу-сауықтыру санаториясына жанашырлық танытты.

Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ халқының белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевке, жеңістің 65 жылдығына орай Ақжайық ауданының Чапаев ауылында ескерткіш орнатуға 2 400 000 теңге бөлінді.

Аударымдар бойынша келісім-шарт жағдайлары тұрақты түрде орындалуда. Осылай, келісім-шарттың талаптарына сай облыстық бюджетіне жылма-жыл 100 000 АҚШ доллары аударылуда.

Сонымен қатар, компания өз қызметкерлерін оқытудағы төлемақы бойынша жобаны жүзеге асырумен қатар, жоғарғы оқу орындарының студенттерін мекеме есебінен «Сатбор» компаниясына қажет мамандықтарға оқытуда.