Қоршаған орта

Қоршаған ортаны қорғау – бұл биосфераға зиянды, ластайтын ықпалын толық алып тастайтын немесе ең аз мөлшерге жеткізуге мүмкіндік беретін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығы.

Өз қызметінде компания тек қана қоршаған ортаға зиянды заттарды пайдаға асыруға ғана емес,  ластану себептерінің өздерін жоюға да байланысты жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігінің барлық сатыларында қамтамасыз ететін экологиялық заңнаманың талаптарын басшылыққа алады.

Қоршаған ортаға құрамында жағымсыз әсерін ұзақ уақыт бойы сақтайтын заттар мен қоспалары бар қалдықтардың түрлерін пайдаға асыруға ерекше назар аударылады.

Әрбір технологиялық үдерістің қоршаған ортаға зиянын тигізбеу мақсатында осы объектіге тиісті іс-шаралардың жиынтығы қарастырылуда.

Барлық қажетті рұқсат құжаттары бар. Компанияның құрылған уақытынан бастап қоршаған ортаны қорғау жөнінде көптеген бағдарламалар дамытылып өткізілді.

Компания қызметінің ұзақ мерзімді өндірістік экология салдарының болжамы жасалды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік мониторинг туралы ережеге сәйкес, СЗЗ шекарасында атмосфералық ауаның үлгілерін алу мен қазандықтың шығарылуларының өлшеулері жүргізіледі.