Еңбек қорғау және кауіпсіздік техникасы

ШҚ «Сатбор» ЖШСнің қызметкерлерінің  еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздігі біздің жұмысымыздың ең маңызды бөлігі болып табылады.

Біздің компаниямыздың өз тіршілік әрекетімен тығыз байланысты қызметінің басым құрамдас бөлігі қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, еңбек қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері болып табылады. Өндірісте немесе офисте жарақаттану фактілері және жазатайым уақиғаларды бұрынырақ алдын алу, қызметкерлердің еңбек қызметі барысында олардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының жұйесі бойынша кешенді іс-шаралар.

Қауіпсіздік техникасын сақтау, еңбек жағдайлары мен қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстармен қамтамасыз ету мақсатымен компанияда:

басқа мекемелерде қолданылатын Еңбек Қорғау және Қауіпсіздік Техникасының жағымды тәжірибесі пайдаға асырылуда, эргономика талаптары, ғылым мен техниканың жетістіктері, еңбек технологиялары мен қауіпсіз техникалары енгізілуде, белгіленген еңбек қорғау нормативтеріне жету үшін кешенді іс-шаралар жетілдіріліп, өткізілуде;денсаулыққа зиян және қауіпті өндірістік факторларды жоюға қатысты шаралар қолданылуда, кәсіби аурулар, жазатайым уақиғалар мен жарақаттанудің себептері жойылуда;  жұмыс орындары мен құрылыс алаңдарында, мекеме аумағындағы қызметкерлердің тәртібі мен жұмыс орындау туралы белгіленген ережелер және мекеме шегінде қолданылып жүрген басқа нормативтік еңбек қорғау актілері мен нұсқаулар, ережелер жетілдіріледі және бекітіледі.еңбек қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жұмыстарды орындау, жекеше және ұжымдық қорғау саймандарды қолдану, басқа өндіріс құралдары мен жабдықтарды, механизмдер, машиналарды пайдалану ережелерін,  қызметкерлердің технологиялық үдерістерді сақтауға ұдайы бақылау жүргізілуде;барлық қызметкерлер жұмысқа алынар кезде және жұмыс кезінде еңбекзаңдылығын қорғау жөнінде мекемеде нұсқамалық өтеді, жазатайым уақиға орын алғанда адамға бірінші медициналық көмек көрсету, апатты жағдай туындағанда тәртіп ережесінің сақталуы туралы мекемеде нұсқамалық өтеді.

Компанияда қызметкерлердің қауіпсіз және зиянсыз жағдайда еңбек етуге, жұмыс орнында олардың және айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерді жоюға қолайлы жағдай жасалған.