Басшылық

Талгат Касенов

ШҚ «САТБОР» ЖШСің Бас Директоры

Білім: Тау-кен инженері, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Жер қойнауын пайдалану саласындағы жалпы жұмыс өтілі - 30 жыл, оның 20 жылы басшылық лауазымдарда. 2007 қарашасынан бастап -  ШҚ «САТБОР» ЖШСің Бас Директоры. Бұрында екі ірі жобаларда жұмыс жасаған. Өз еңбек жолын жер астылық кеніш Бақырчық алтын кен орында  электрослесарь үйренушісі қызметінде бастады,  соңында сол жерде портал мен негізгі желдеткіш қондырғысының құрылысын басқарды, кеніш бастығы және өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

«Суздальское» алтын кен орынның бас директор лауазымында жер астылық кеніштің құрылысы мен пайдалануға беруін басқарды және де оның қатысуымен кеніш жобалық  қуатына шығарылды.

Жұмыс кезінде жобалау, жер астылық кеніш құрылысы, тау-кен күрделі жұмыстарды жүргізу, ашық және жер астылық тәсілдермен кентасты өндіру, ең жаңа бұрғылау технологияларды қолданып геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуден үлкен практикалық тәжірибеге ие болды.

Тау-кен мекемелердің экономика, бюджеттік жоспарлау, жобалардың даму ын бақылау, қызметкерлерді басқару және де жоба құжаттамасын мемлекеттік бақылау органдарында келісу және бекіту процедурасының негіздерінің тұрақты білімі бар.

 

 

Диаров Муфтах  – ғылыми консультант.

Жоғары білім. Тау-кен инженер-геолог. Жұмыс өтілі - 55 жыл. Атырау мұнай және газ институтында қызмет етеді. Профессор.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР Минералды ресурстар академиясының  академигі, «Экология» халық академиясының академигі, Сатимола кен орнының және Индер тұзды күмбезінің бірнеше борат кен орындарының тұңғыш ашушысы, Білім және Ғылым Министрлігінің  құрметті қызметкері, Атырау қаласы және Атырау облысының қадірлі тұрғыны.

285 ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде 17 монографиялар мен 8 өнертабыстар.

М.Д. Диаровтың ғылыми, педагогикалық және ұйымдастыру еңбектері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің екі грамотасымен белгіленді (1966,1982), оның есімі  Геология және Жер қойнауын қорғау министрлігінің Алтын Құрмет кітабына  енгізілді, Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібінің 100-жылдығына байланысты «Құрмет» ордені және мерейтойлық медальмен марапатталды, екі "Кен орын тұңғыш ашушы" марапат қағаздар,  "Жер қойнауын барлау үздігі" мен "Жастар тәлімгері" белгілері, ҚР ҰҒА Төралқасының грамоталар, А. Байтурсынов атындағы алтын медаль, "Қазақстан ғылымының құрметті қызметкері" белгісімен марапатталды.

 

 

Камашев Хасан  – Геология бөлімінің кеңесшісі. Жоғары білім. Тау-кен инженер-геолог. Жұмыс өтілі - 53 жыл. 2008 ж сәуір айынан бастап ШҚ Сатбор ЖШСда қызмет етеді.

Еңбек қызметін Прикаспийский іздестіру-барлау партиясында бастады, содан кейін геолог, аға геолог, бас инженер ретінде Индер геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеді.

Жұмысына сіңірген еңбегі үшін Казақ ССР Құрмет грамотасы, "Айбынды еңбек үшін" мен     "Еңбек ардагері" медальдар, "Жер қойнауын барлау үздігі" белгісі, ВДНХ медальмен марапатталды.

Сатимола бор-калий кен орны (1991) мен Индер көлінің ас тұз кен орнын ашқан үшін (1996) "Кен орын тұңғыш ашушы" дипломдар мен белгілерімен марапатталды.

24 ғылыми жұмыстары бар, соның ішінде 8 "ССРО ҒА Хабары", "Жер қойнауын барлау және қорғау", "ҚазССР ҒА Хабары" ғылыми журналдарында жарияланды.

ҚР Жаратылыс ғылым академиясының толық мүшесі.

 

 

Суюншалиев Жаслан  – Мониторинг және бақылау менеджері. Жоғары білім. Тау-кен инженер-геолог. Жұмыс өтілі - 28 жыл. 2008 ж мамыр айынан бастап ШҚ Сатбор ЖШСда қызмет етеді.

Еңбек жолын Атырау облысындағы бор-калий тұздардың Индер кен орнында  жер асты барлау партияның геологі ретінде бастады. Ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының территориясындағы металл емес пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру және барлаумен айналысқан іздестіру-барлау партияны басқарды.

Жер қойнауын пайдалану және лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.

Жер қойнауының геологиялық зерттеуіне жеке үлесін қосқан үшін "Жер қойнауын барлау үздігі" белгісімен марапатталды.

 

 


Шамгонова Патшагуль -  қаржы менеджері. Жоғары білімді, экономист. Жұмыс өтілінің  24 жылын  бухгалтерлік есеп саласында, ал оның 16 жылы басшылық лауазымдарда болды. 2009 ж қыркүйек айында  ШҚ «Сатбор» ЖШСда жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасындағы мекемелердің бухгалтерлік есеп, аудит және  салық салу салалары жөнінде үздік білімі бар.

Бұрында Орал қаласындағы Облыстық Салық Комитетінде Жанама салықтар бөлімінің Бастығы болып және E.N.L. Shamprogetti Engineering B.V. компаниялары тобында Бас бухгалтер лауазымында жұмыс істеді.

 

 

 

 

 

Колесникова Назым – Әкімшілік менеджері. «Құқықтану», «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Жұмыс өтілі – 6 жыл, оның 3 жылы «Сатбор» компаниясында. Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін заң кеңесшісі мен қызметкерлер құрамы бойынша менеджері ретінде қызмет атқарды. Білікті заңгер. Менеджмент және еңбек ұйымы саласында білімі зор.

 

 

 

 

 

 

 

Рогов Юрий  – Инжиниринг менеджері (тау кең бөлімінен). Жоғары білім. Тау-кен инженер-маркшейдер. Жұмыс өтілі - 31 жыл. 2008 ж сәуір айынан бастап ШҚ Сатбор ЖШСда қызмет етеді.

Еңбек жолын маркшейдер, бас маркшейдер, тау-кен жұмыстарының меңгерушісі, жетекші тау-кен технологиялар мен жаңа техникалар жөніндегі инженері ретінде Белоусовский кеніште бастады.

1998 жылы «Казақмыс» корпорациясының шығыс филиалында жұмыс жасап жүріп, Шығыс Қазақстандағы полиметалл кендердің «Снегирихинский» кен орнын игеру мен жобалауында белсенді қатысты. Бас инженер қызметінде бола тұра, Белоусовский кен орны мен Иртышский кеніштің пайдалану технологиялық барысын басқарды. 2000 жылдан бастап 2008 жылдың сәуіріне дейін Қазақстандағы ең ірі алтын кен орындардың бірі ЩҚОдағы "Бакырчик алтын жобасында" жұмыс жасады.

 

 

 

Кляцкий Анатолий  – Бас инженер (инфраструктура дамуынан). Жоғары білім.

«Пайдалы қазбалардың кен орындарының барлау технология және техникасы» мамандығы бойынша Днепропетровск  тау институтын (Украина) 1982 жылы аяқтады.

Тау-кен инженер  квалификациясы берілді.                                                                                       Жұмыс өтілі – 28 жыл. 2008 жылдан бастап ШҚ Сатбор ЖШСда қызмет етеді.

1982 жылдан 1995 жылға дейін Батыс Қазақстанда бұрғылау шебері, бұрғылау жұмыстарының техникалық жетекшісі болып жұмыс істеді.

1995 - 2008 жылдары аралығында Батыс Сібірдің мұнай кен орындарындағы «Лук Ойл» компаниясында және Поволжьедағы «РуссНефть» компаниясында ЖИТҚ инженері және инженер-технолог лауазымдарда қызмет етті.



Имаммәлік Мұхамбетқалиев – еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ.) 1977 жылы агрономия мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмамдады. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Басылымдары: 30 ғылыми - әдістемелік  жұмыстары және бір кітап. Жұмыс өтілі: 40 жылдан астам, оның 18 жылын басшылық лауазымдарында.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚ «Сатбор» ЖШС-нің еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері қызметін атқаруда.

Қоршаған ортаны қорғау жөнінде перспективті және ағымдағы жоспар жобаларын, стандарттарды және нормативтерді, еңбек қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жоспарларын құруда тәжірибесі бар.

Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясында ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі ретінде, Батыс Қазақстан Аграрлық Университетінде аға оқытушы ретінде, Батыс Қазақстан аумақтық басқармасында аға инспектор, мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы ретінде және БҚО, Ақсай қаласы «Конденсат» АҚ-да экология және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бөлімінің бастығы ретінде жұмыс жасады.

Халықаралық сапа менеджмент жүйесінің, экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғау менеджментінің жетекші аудиторы.