Біздің қызметіміз

Біздің қызметіміз

ШҚ «Сатбор» ЖШС компаниясының қызметі әлемдік стандартқа сай минералды калий тыңайтқышын шығаруды көздейді, ол Қазақстанға әлемдік нарығындағы минералды тыңайтқыштың ең негізгі, маңызды өндіруші және экспорттаушы болуына мүмкіндік береді.

Компания өндіріс кезеңіне ауысу үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының келісімімен «Сатимола кен орнының калий тұздарына өндірістік кондицияларының техникалық - экономикалық негіздемесі», «Сатимола кен орнының калий және бор тұздарының қорларының есептемесі» орындалды.  Қазіргі кезеңде компанияның мамандары «DATAMINE» бағдарламасы бойынша «3D» жүйесінде калий кенін өндіруге бірінші кезектегі учаскесінің бастапқы жоспарын жетілдірді.  Бұл бағдарлама скважина маңындағы және камера аралық целиктерді қалдыруын есептей отырып тау өнімдерін құру негізіндегі кен өндірудың есебін жасауға мүмкіндік береді.  Одан әрі қарай бағдарлама тау жұмыстарының жоспарын құру және жұмыс бағдарламасын беркіту үшін қолданылады.  ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу институттарымен бірігіп, элювиалды борат, бор-калий және калий кендерінің байыту технологиялық схемасы жетілдірілді. Сатимола кен орнындағы калий кенін байыту схемасын жетілдіру бойынша жүргізілген ірі зерттеу жұмыстарымен бірге

«Canadian process technologies» фирмасының минипилоттық қондырғысын флотациялау бойынша тест жұмыстары жүргізілді. Экспортқа шығарылатын тыңайтқыштар үшін «СТО СПЭКС 001-98» стандарты бойынша KCl-95,0%  құрамында  бар калий тыңайтқыш – әзір өнім ретінде алынумен қатар Сатимола кен орнында калий кенін байыту технологиялық схемасының  техникалық - экономикалық негіздемесіне арналған бастапқы деректер даярланды.

Қазіргі таңда компания тау кен байыту комбинаты құрылысының жобасы, бойындағы газ барлығы мен геомеханика жөнінде зерттеу жұмыстары, ҚОӘБ жобасы, «Сатимола» (әрі қарай ТКБК) тау кен байыту комбинаты құрылысының техникалық - экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар өсімдіктерді қоректендіру үшін қажетті тыңайтқыштардың кейінгі өндірісі мен ТКБКің құрылысының басталуының шыққан жері болып табылады.