Тарих

Сатимола кен орнындағы құрамында калий және бор кездесетін тұздарды игеру үшін 2001 жылы шетел қатысуымен «Сатбор» тау-кен өңдеуші кәсіпорны құрылды (ШҚ«Сатбор» ЖШС). 2004 жылы 19 сәуірде № 1391 ҚР Үкіметімен жер қойнауын пайдалануға келісім шарт жасасқаннан кейін үш жылдан соң компания кен орнын барлауға кірісті.

Қысқа мерзім ішінде құрамына топографиялық және бұрғылау жұмыстары, геофизикалық зерттеулер, элювиальді бораттардың қорларын және жалпы кен орнының қорларын қайта бағалау бойынша зертханалық және өңдеу жұмыстары кіретін геологиялық барлау жұмыстары комплексі өткізілді. Сатимола кен орны - құрамында калий және бор кездесетін тұздардың ірі минералды-шикізат базасы болып табылады.

ШҚ«Сатбор» ЖШС-де геологиялық, бұрғылау, жобалау және қосымша қызметтер бар. 2009 жылы компанияның аналитикалық зертханасы жұмысты бастады.

Кен орнында алғашқы кезекте жылумен, электроқуатымен, жылы және салқын сумен, байланыс және интернетпен қамтамасыздандырылған вахталық қалашық пен өндірістік гимараттар пайдалануға берілді. Базаршолан ауылындағы электр қуатын бөлу стансасынан қашықтығы 35 км болатын жоғары кернеулі 10 кВ электр желісі өткізілген.

 

Кірме автожолдар құрылысы жүруде, газқұбырлар құрылысына ТЭН жасалды, қазіргі уақытта болашақ тау-кен баиту кешеніне жоғарғы 110 кВ тоқ көзін жеткізу және сумен жабдықтау жүйесінің жобалары жасалуда.